Еліміздің республикалық автожолдарындағы жағдайға қатысты маңызды ескерту жасалды

Бүгiн, 08:26 168

"ҚазАвтоЖол" компаниясы еліміздің республикалық автожолдарындағы жағдайға қатысты мәліметті бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

17 қазанда Атырау, БҚО, Маңғыстау, Қарағанды және Алматы облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Жамбыл, Жетісу, ШҚО және Абай облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр және қар жаууы мүмкін, - деп атап өтті ұлттық оператор.

Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеру қажеттігін ескертті.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Зарина Арман
Бөлісу: