22.11.2023
14:03
1805
Еліміздің қай өңірінің тұрғындары 600 мың жалақы алатыны белгілі болды

Еліміздің қай өңірінің тұрғындары 600 мың жалақы алатыны белгілі болды

2023 жылдың үшінші тоқсанында елдегі қызметкерлердің жалақысы 350,5 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 16,9 % көп, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Өткен жылы осы кезеңде елдегі орташа айлық жалақы 299,8 мың теңге болған. 

Аймақтар бойынша, ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысының тұрғындарына тиесілі болып шықты: 602,4 мың теңге. Алдыңғы орындарда Маңғыстау облысы (519,1 мың теңге) және Ұлытау облысы (471,3 мың) бар. 

Ең аз жалақы Түркістан облысының тұрғындарында - 248,9 мың теңге. Аутсайдерлер үштігінде Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары да бар.