20.12.2024
14:25
771
Еліміздің көп бөлігінде қар жауады

Еліміздің көп бөлігінде қар жауады

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді-қар, бұрқасын және екпінді жел күтіледі. Тек еліміздің батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. 21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қатты қар күтіледі.

23 желтоқсанға жақын, Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің оңтүстігінде ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.