27.02.2026
12:00
98
Еліміздің кей өңірінде жол қозғалысы шектелді

Еліміздің кей өңірінде жол қозғалысы шектелді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы  27 ақпан күні қай облыста жол қозғалысы шектелетінін хабарлады. Мекеме көлік жүргізушілеріне абай болуды, алыс сапарға шықпауды ұсынады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі республикалық автожол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс уақытша шектелді:

Қызылорда облысы

• «РФ шекарасы –  Мәртөк –  Ақтөбе –  Қарабұтақ –  Қызылорда –  Шымкент – Тараз –  Қордай –  Алматы –  Қорғас –  ҚХР шекарасы» автожолы, 1362-1912-шақырым аралығы (Арал қаласы –  Байгекүм ауылы);
• осы жолдың 1912-2055-шақырым аралығы (Бәйгеқұм ауылы – Түркістан облысының шекарасы).

Түркістан облысы

• «РФ шекарасы –  Мәртөк – Ақтөбе –  Қарабұтақ – Қызылорда –  Шымкент – Тараз –  Қордай –  Алматы –  Қорғас –  ҚХР шекарасы» автожолы, 2055-2095-шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасы –  Түркістан қаласы).

Абай облысы

• «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай –  Бұғаз» автожолы, 320-528-шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы –  Баршатас ауылы);
• «ҚХР шекарасы –  Майқапшағай –  Зайсан –  Қалбатау –  Семей –  Павлодар –  РФ шекарасы» автожолы, 910-1103-шақырым аралығы (Қалбатау ауылы –  Шығыс Қазақстан облысының шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы

• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолы, 1103-1256-шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы – Зайсан қаласы).

Жамбыл облысы

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238-шақырым аралығы (Кенен ауылы — Қайнар ауылы).

Қарағанды облысы

• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 738-750-шақырым аралығы (Сарышаған кенті –Жамбыл облысының шекарасы).

Жамбыл облысы

• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 750-893-шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы);
• осы жолдың 893-955-шақырым аралығы (Бурылбайтал ауылы – Алматы облысының шекарасы).

Алматы облысы

• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 955-1121-шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасы – Күрті ауылы).

Павлодар облысы

• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Бұған дейін 2026 жылғы 26 ақпан сағат 22:00–де ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-35°C) бес облыста жолаушылар рейстік автобустары мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілген. Кеше Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыт бойынша жол жабылды.  Қарағанды, Қостанай,  Алматы облысында ішінара шектеу қойылды.