06.07.2023
08:20
1109
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

6 шілдеде еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК таратқан болжамға сәйкес, Ақтөбе мен Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.