Еліміздің екі облысында жолдар жабылды

Еліміздің екі облысында жолдар жабылды

QazAvtoJol ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар жол жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 683-967 шақырым аралығында (Таскескен ауылының шекарасынан Қалбатау ауылына дейін) жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2024 жылғы 11 қараша сағат 06:00–де ашу жоспарланған.

2024 жылғы 10 қарашада сағат 17:00–де ШҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

— «Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1123-1191 шақырымы аралығы (Предгорное ауылынан Шемонаиха қаласына дейін);

— «Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1194-1212 шақырымы аралығы (Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейін); 

— «Өскемен-Риддер- РФ шекарасы» автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін).

Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Омбы-Майқапшағай» автожолының 910-1002 шақырым аралығында  (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін) жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2024 жылғы 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланған.