02.01.2024
12:34
1032
Еліміздің екі облысында жолдар жабылды

Еліміздің екі облысында жолдар жабылды

Қазақстанның екі облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАвтоЖолға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жетісу облысында — 1 учаске:
1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. — Достық ст. дейін — 100 км.

Қарағанды облысында — 2 учаске:
1. «Екатеринбург-Алматы» 1505-1610 км, Новостройка а.-Ақсу-Аюлы к. дейін — 105 км.
2. «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы», Пришахтинск а. — Новостройка а. — 16 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 392 бірлік техника және 599 адам жұмылдырылды, — делінген ведомство мәліметінде.