20.12.2024
09:20
831
Еліміздің екі облысында жол жабылды

Еліміздің екі облысында жол жабылды

«ҚазАтоЖол» ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар республикалық автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы:

- 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 09:00-да республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылды.

Түркістан облысы:

- «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-663 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан - Қарабұлақ ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылды.