24.01.2025
22:21
954
Еліміздің бірқатар өңірінде жолдар жабылды

Еліміздің бірқатар өңірінде жолдар жабылды

Еліміздің төрт облысында аязға байланысты қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысы:

- «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» автожолының 6-337 шақырым аралығы, Ушановское ауылы-Катонқарағай ауданы

- «Өскемен-Риддер» автожолының 15-105 шақырым аралығы, Белоусовка ауылы - Риддер қаласы

- «Өскемен-Семей» автожолының 10-103 шақырым аралығы, Герасимовка ауылы - Абай облысының шекарасы.

- «Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығы, Абай облысының шекарасы- Уланское ауылы, 1104-1191 шақырым аралығы (Глубокое а.-Шемонаиха қ.), 1194-1212 шақырым аралығы (Шемонаиха қ.-РФ шекарасы).

- «Омбы-Майқапшағай» автожолының 1103-1256 шақырым аралығы, Абай облысының шекарасы-Зайсан қаласы

- «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл» автожолының 0-124 шақырым аралығы, Дайырово ауылы - Марқакөл ауылы

Абай облысы:

- «ҚХР шекарасы-Майқапшағай-Зайсан-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы» автожолының 910-1103 шақырым аралығы, Қалбатау ауылы - ШҚО шекарасы.

- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 615-1013 шақырым аралығы, Жетісу облысының шекарасы - ШҚО шекарасы.

- «Өскемен-Семей» автожолының 103 шақырымы, ШҚО шекарасы–Семей қаласы

Жетісу облысы:

- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығы, Үшарал қ.-Абай облысының шекарасы.

Жамбыл облысында көлік қозғалысын шектеу туралы

Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж (Жаңа Қордай асуы) 159-238 шақырым аралығындағы учаскеде (Отар ауылы-Қайнар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда.

2025 жылғы 26 қантар сағат 10:00-де жолды ашу жоспарланған.

Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылатын болады.