Еліміздің бірқатар өңірінде төтенше өрт қаупі сақталады

10 Маусым 2023, 05:18 540

Қазгидромет еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады,

Астанада найзағай ойнап, күн күркірейді. Солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт қаупі жоғары.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, найзағай кезіндегі екпіні 25 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде күн қатты ысиды: +35...+37°C. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Алматыда кешке найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Өрт қаупі жоғары. Қонаевта солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз күн қатты ысиды: +35...+37°C. Өрт қаупі жоғары.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен таңертең және түстен кейін 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл ауданында, екпіні 17-22 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде күн қатты ысиды: +35...+37°C. Төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да сынап бағаны +35 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде күн қатты ысып, сынап бағаны +35 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі жоғары.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстіктен соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстіктен соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде күн қатты ысып, сынап бағаны +35 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Қостанай облысының оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде күн қатты ысып, сынап бағаны +38 градусқа дейін көтеріледі, төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан жел соғады. Шымкентте солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түркістанда солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күндіз шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста  23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде сынап бағаны +36 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Абай облысының солтүстік-батысында, күндіз өңірдің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.Ттөтенше өрт қаупі сақталады. Семейде найзағай ойнап, бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болад. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Таразда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт қаупі жоғары.

EL.KZ
Бөлісу: