06.06.2023
12:21
944
Еліміздің бірқатар өңірінде құрғақшылық күтіледі

Еліміздің бірқатар өңірінде құрғақшылық күтіледі

«Қазгидромет» РМК болжамынша, маусым айында Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ал солтүстік-батыстың жеке аудандарында, елдің оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықта бірқалыпты құрғақшылық аймақтары күтіледі.

Құрғақшылық күтілетін өңірлер:

Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында,

Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында,

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында,

сондай-ақ Ақмола облысының Жақсы ауданында және Қарағанды облысының Шет ауданында.