29.03.2024
23:47
1033
Еліміздің бірқатар аймағында жол қозғалысы шектелді

Еліміздің бірқатар аймағында жол қозғалысы шектелді

"Қазавтожол" АҚ республикалық жолдардағы қозғалысты шектелгені туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

29 наурызда сағат 21:00-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан бірнеше жолда қозғалыс шектелді. Оның ішінде:

"Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" тас жолының 101-266 шақырымында (Нұра ауылы - Теміртау қаласы учаскесі) барлық көлік түрлеріне;

"Қарағанды-Аягөз-Боғаз" тас жолының 17-45 шақырымында (Қарағанды қаласы - Бастау ауылы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектеліп отыр. 

Ал Ақтөбе облысында 29 наурыз күні сағат 23:30-да “Самара-Шымкент” тас жолының 526-702 шақырымында (БҚО-Маржанбұлақ ауылының учаскесі) жол қозғалысы ашылатыны мәлім болды.