Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

19 Тамыз, 18:26 407

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігі және батысында қатты жаңбыр күтілмейді. 21 тамызда Қазақстанның оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болжанады. 22 тамызда Қазақстанның шығыс жартысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы күндіз +16+25, батыс пен оңтүстікте +22+35°C, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында 23+33°С болады деп күтілуде.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: