Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

2 Ақпан 2023, 20:21 1090

Синоптиктер 3 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді. Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс облыстарында құбылмалы ауа райы күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республика бойынша тұман күтіледі.

Алматының таулы аймақтарында, күндіз Маңғыстаудың батысында, түнде Түркістан, Жетісу, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, қар жауады.

EL.KZ
Бөлісу: