06.06.2025
17:57
2111
Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Циклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей өңірлерде жауын-шашын күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде найзағайлы жауын-шашынмен қатар қатты жаңбыр мен бұршақ болжанып отыр.

Ауа температурасы өңірлер бойынша келесідей өзгермек:

  • Батыс Қазақстанда күндізгі температура 22–30 градустан 30–37 градусқа дейін жоғарылайды;

  • Солтүстік-батыста ауа 20–30 градустан 23–33 градусқа дейін көтеріледі;

  • Солтүстікте күн салқындап, 18–28 градус шамасында болады;

  • Орталық пен шығыста күн райы біршама төмендеп, 23–34 градустан 20–33 градусқа дейін түседі, кей аймақтарда бұрынғыдай 35–38 градусқа дейінгі аптап ыстық бәсеңдейді;

  • Оңтүстікте ауа температурасы 25–35 градустан 29–37 градусқа дейін көтеріледі;

  • Оңтүстік-шығыста 30–39 градусқа дейінгі аптап ыстық сақталады.

Мамандар найзағайлы сәттерде сақ болуға, ал дауыл және бұршақ кезінде ашық далада ұзақ жүрмеуге кеңес береді.