Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

15 Қыркүйек, 08:20 513

Синоптиктер 15 қыркүйекте Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түнде және таңертен Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүруі ықтимал. Дегенмен облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертен Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Сондай-ақ 14 қыркүйектің сағат 20.00-ден 15 қыркүйектің сағат 20.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында да түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда cолтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Түнде облыстың орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, орталығында, шығысында 23 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз тау асуларындағы екпіні 23 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс), Шымкентте де төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Зарина Арман
Бөлісу: