Еліміздің барлық мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы жүргізіледі

13 Ақпан 2023, 13:31 1139

 Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша Петропавл қаласындағы мектепте болған оқиғаға қатысты комиссия құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия құрамында балалардың құқықтарын қорғау комитеті, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері бар.

Айта кетейік, мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылған бейнебақылау камералары мен дабыл түймесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сонымен қатар, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы тапсырылды.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылдың 30 наурызында білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Министрлік білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітті.

Осыған дейін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, бірнеше баланы жарақаттағаны хабарланды.

Сондай-ақ балаларды жарақаттаған оқушы психиатриялық есепте тұратыны хабарланды.

EL.KZ
Бөлісу: