Еліміздің барлық азаматтарына 300 мың теңге жәрдемақы тағайындалды

24 Сәуір 2023, 16:20 1054

Желіде  отандық телеарналардың біріндегі жаңалықтар бағдарламасының үзіндісі таралуда. Сюжетте еліміздің барлық азаматтарына 300 мың теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалғаны айтылған деп хабарлайды El.kz.

StopFake сайты мұның жалған хабарлама екенін анықтады.

КТК телеарнасындағы жаңалықтар сюжеті қайта дыбысталған. Арнаның ресми сайтында 300 мың теңге көлеміндегі жәрдемақылар туралы жаңалық жоқ.

Мұндай жәрдемақы туралы хабарламалар президенттің ресми сайтында да көрсетілмеген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жәрдемақылар туралы ақпарат жоқ.

Тіпті ресми БАҚ-та 300 мың теңге көлеміндегі жәрдемақы туралы айтылмады.

Желіде таралған жаңалық құр қауесет болып шықты. Қазақстанда азаматтарға ондай жәрдемақы енгізілмеген.

EL.KZ
Бөлісу: