05.04.2024
09:38
771
Еліміздің алты облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Еліміздің алты облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

«ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқынына байланысты бірқатар өңірде жолдар жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 5 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3280 метр болатын су тасқыны болды.

Алты облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 398 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылған.