Сағат 19:05 ақпаратқа сәйкес еліміздің 4 өңірінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Абай өңірінде "Алматы-Өскемен" тасжолының Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді;
Ақмола облысында Щучье-Зеренді тасжолы және Атбасар қаласы мен Қажымұқан кентінің арасы жабық.
Шығыс Қазақстан облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Қарағанды облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді.