Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

11 Қаңтар, 22:01 736

«Қазгидромет» РМК мамандары 12 қаңтарға арналған ауа райын болжамын ұсынды. Синпотиктердің мәліметінше, еліміздің 14 облысы мен 2 мегаполист дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

12 қаңтарда Алматы қаласында түнде көктайғақ күтіледі. Шымкентте 12 қаңтарда түннің бірінші жартысында көктайғақ, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар жауады деп болжануда. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз шығысында көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейі жететін жел тұрады. Кей уақытта тұман түсуі ықтимал. Қонаев қаласында 12 қаңтарда түнде тұман, көктайғақ болады деп болжануда.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Атырау қаласында 12 қаңтарда түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болып, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде  екпіні 15-20 м/с дейін жететін жел соғады. Ақтөбе қаласында 12 қаңтарда бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

12 қаңтарда түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Оқи отырыңыз: 

12 қаңтарда түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ болып, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсуі қтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар, күндіз көктайғақ болады деп болжануда. Облыстың таулы аудандарында тұман түсіп, оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстік-шығысында желдің екпіні - 15-20 м/с, түнде - 23-28 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жететін жел соғады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар жауып, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жететін жел соғады деп болжанып отыр. Орал қаласында 12 қаңтарда жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 18 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Облыстың батысында, шығысында, орталығында желдің екпіні - 15-20 м/с, түнде - 23 м/с. Өскемен қаласында түнде бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні - 15-20 м/с.

12 қаңтарда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында желдің екпіні - 15-20 м/с, түнде - 23 м/с. Семей қаласында түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні - 15-20 м/с.

12 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады. Екпіні - 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің екпіні - 23-28 м/с. Петропавл қаласында күндіз бұрқасын, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні - 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жел соғады деп болжануда. Көкшетау қаласында 12 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.  

Перизат Саденова
Бөлісу: