14.02.2024
09:16
982
Еліміздің 11 облысында жол жабылды

Еліміздің 11 облысында жол жабылды

14 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысында - 15 учаске

Ақтөбе облысында – 4 учаске

Шығыс Қазақстан облысында – 1 учаске

Жамбыл облысында – 1 учаске

Жетісу облысында – 1 учаске

Қарағанды облысында – 3 учаске

Қостанай облысында - 6  учаске

Қызылорда облысында - 3 учаске

Павлодар облысында – 1 учаске

Солтүстік Қазақстан облысында - 9 учаске

Түркістан облысында – 2 учаске.

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 289 бірлік техника және 347 жолшы жұмылдырылды.