14.10.2022
21:00
1422
Еліміздің кей облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің кей облыстарында дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Қазақстанның кейбір облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz

Мәселен, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Орал қаласында да тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде де, таңертең де тұман болады.

Сондай-ақ 16 және 17 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында түстен кейін оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғып, солтүстік-батысқа ауысады.