Еліміздің бірқатар өңірлерінде коммуналдық тарифтер 9 миллиард теңгеден астам сомаға төмендетілді

23 Тамыз 2022, 16:32 1371

Бұл шешім коммуналдық қызметтер саласындағы монополистердің 2021 жылғы есептеріне талдау жүргізу нәтижесінде қабылданды

Еліміздің бірқатар өңірлерінде коммуналдық тарифтер 9 миллиард теңгеден астам сомаға төмендетілді, деп хабарлайды El.kz.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі коммуналдық тарифтерді 9 миллиард теңгеден астам сомаға төмендетті. Бұл шешім коммуналдық қызметтер саласындағы монополистердің 2021 жылғы есептеріне талдау жүргізу нәтижесінде қабылданды.

Мәселен, осы жылы шілде айының қорытындысы бойынша 13 өңірде жалпы сомасы 2,61 млрд. теңгеге уақытша өтемдік тарифтер (УӨТ) енгізілді. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары бар.

Сумен жабдықтау тарифтері 1,2 млрд. теңге сомасына, жылумен жабдықтау 982 млн. теңгеге, су бұру 410 млн. теңгеге, электрмен жабдықтау 13 млн. теңгеге, тауарлық газды тасымалдау 3 млн. теңгеге төмендетілді.

Бұған дейін ҚР ҰЭМ ТМРК 2020-2021 жылдарға арналған тарифтік сметаның және табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есептерді қарау нәтижелерін хабарлаған болатын. Ол кезде коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендетудің жалпы сомасы 6,44 млрд. теңгені құрады.

Бөлісу: