Еліміздің ауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр

21 Қыркүйек 2022, 14:45 934

Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді

Қазақстанда «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде медициналық объектілердің құрылысы және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту қамтамасыз етілді, деп хбаралайды El.kz.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.

«Ауылдық елді мекендерде 6 фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы аяқталды, 17объекті салынуда, ғимараттарды жалдау арқылы 8 объектіні ашу жоспарлануда», - деді А.Ғиният. 

Сонымен қатар, аудандық ауруханаларды заманауи компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен жабдықтау 84%-ға дейін жеткізілді. Көпбейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейінде «алтын сағат» қағидатын шұғыл пациенттерге қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысының Шу қаласында жұмыс істеп тұрған 12 ауруханаға ауданаралық аурухана ұйымдастырылды. 

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асырудың арқасында ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен және консультациялық-диагностикалық қызметтермен қамту жоспардағы 47%-дан 49%-ға дейін жеткізілді. ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде амбулаториялық деңгейдегі медициналық көмектің көлемі 56%-ға дейін жеткізілді. 

ҚР ДСМ Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін жетілдіргенін айта кетейік. Нәтижесінде ауылдарда 50 адамға дейін медициналық көмек көрсетуді мейіргер үй-жайсыз жүзеге асырады, ал 500 адам тұратын ауылдарда медицина қызметкерлерінің саны бірден үшке дейін ұлғайтылды.

 Шалғайдағы ауылдардың 800 мыңнан астам тұрғынына 149 жылжымалы медициналық кешен консультациялық-диагностикалық қызметтер, скрининг, дәрі-дәрмектер ұсына отырып, медициналық көмек көрсетті. Биыл 10 өңірдегі 38 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен 2 «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының жұмысы қайта жанданды.


Бөлісу: