28.09.2022
12:01
1045
Еліміздің адами әлеуеті инновациялар мен цифрлық өндірісті дамытуға қолайлы

Еліміздің адами әлеуеті инновациялар мен цифрлық өндірісті дамытуға қолайлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумында Қазақстанның адами әлеуетіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Ауқымды адами, зияткерлік және ғылыми әлеуеті болғандықтан Қазақстан - инновацияларды, цифрлық өндіріс пен шығармашылықты дамыту үшін бірегей кеңістік болып табылады», - деді Президент.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев компаниялар арасындағы цирфлық бәсеке мемлекеттер арасына ойысқанын еске салды.

«Бүгінде цифрлық трансформация жекелеген компаниялардың ғана емес, бүкіл елдер мен өңірлердің бәсекеге қабілетін айқындаушы фактор болып табылатыны құпия емес», - деді Мемлекет басшысы.