Еліміздің қай өңірінде азық-түлік бағасы шарықтап тұр

18 Шілде 2022, 20:53 2161

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті

Қазақстан бойынша жаңадан құрылған Жетісу облысының орталығы Қонаев қаласында азық-түлік бағасы қымбат. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, – деп хабарайды El.kz .

Бюроның дерегі бойынша, барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары ең қымбат өңір – Қонаев қаласы. Онда нан 314 теңге тұрады.

Ал нан республика бойынша астықты аймақ Қостанай қаласында арзан. Онда нан - 152 теңгеден сатылып жатыр.

Қонаев қаласында күнбағыс құны да шарықтап тұр. Литрі – 954 теңге. Аталған тауар түрі Семейде арзан. Онда күнбағыс майның бір литрі – 725 теңге.

Басқа өңірлермен салыстырғанда Жетісу облысының орталығында картоп (келісі 186 теңге) пен қырыққабат (келісі 89 теңге) қана арзан.

Ал сиыр еті (келісі 2369 теңге), күріш (келісі 375 теңге), пияз (келісі 311 теңге) және жұмыртқа (10 данасы 460 теңге) сияқты азық-түлік тауарларының барлығы қымбат.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, басқа өңірлермен салыстырғанда еліміздің 3 қаласында азық-түлік құны едәуір арзан. Олар - Петропавл, Қарағанды және Қостанай қалалары.

Аталған аймақтарда азық-түлік бағасы өзге өңірлерге қарағанда 95-210 теңгеге төмен.

Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 17,6 пайызға өскен.

Бөлісу: