Еліміздің 7 еріктісі БҰҰ-ның түрлі құрылымдарында жемісті еңбек етіп жүр

20 Тамыз 2022, 00:32 1926

Қазақстанды әлемдегі волонтерлік қызметтің жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындауға белсенді қатысуға шақырды.

Асқар Омаров БҰҰ еріктілер бағдарламасы (БҰҰЕБ) нақты деректермен және біліммен алмасу жөніндегі топтың жетекшісі - Тапива Камуруко бастаған БҰҰЕБ делегациясымен кездесті, деп хабарлайды EL.KZ.

АҚДМ баспасөзінің мәліметіне қарағанда, Тапива Камуруко БҰҰЕБ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына волонтерлердің қосқан үлесін бағалау жүйесін әзірлеуді жоспарлап отырғанын атап өтіп, Қазақстанды әлемдегі волонтерлік қызметтің жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындауға белсенді қатысуға шақырды.

Министр БҰҰ-ның түрлі құрылымдарында жұмыс істейтін қазақстандық волонтерлермен кездесті.

Бүгінде Қазақстандық 7 волонтер біздің министрлік пен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы арасындағы серіктестік туралы келісім аясында Иорданиядағы, Кениядағы, Түркиядағы және Таиландтағы БҰҰ-ның түрлі құрылымдарында жемісті еңбек етуде. Қазақстандық волонтерлер өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, БҰҰ тарапынан жоғары баға алды. Оң тәжірибені ескере отырып, біз осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға ниеттіміз, - деді Асқар Омаров.

EL.KZ
Бөлісу: