Ресми мәліметке сәйкес, жылыту маусымы басталғалы бері республика бойынша он өңірде 26 технологиялық ақау болған. Олар:
Соңғы жеті жылдың ішінде әр түрлі қаржыландыру көздерінен жылу жүйелерінің құрылысына, реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарына 344 млрд теңге бөлінген. Соның нәтижесінде 3 667 шақырым инженерлік желі салынып, қайта жаңартылды. Осылайша олардың жалпы тозу деңгейі 65 проценттен 53-ке дейін төмендеді. 2022 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 51 процентке түседі деген жоспар бар.
Ал тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы бойынша 2026 жылға қарай жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозу көрсеткішін 45 процентке дейін азайту көзделген.