Елімізде бірнеше мектеп олигархтардың қаржысына салынған. Бұл туралы оқу-ағарту министрі үкімет үйінің баспасөз алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz.
«Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу керек деген тапсырма берген болатын. Осы тапсырма аясында былтыр елімізде 277 мектеп салынды. 2025 жылға дейін 1000 мектеп салатын болсақ, 1 млн оқушыға арналған орын табылады. Сонымен қатар елімізде олигархтардың жеке қалтасынан шығарылған мектептер де салынды. Солардың бірі елорданың маңайында орналасқан Қосшы және Қоянды елді мекендеріндегі мектептерді айта аламыз», - деді министр.