Еліміздегі мереке күндерінің қатарын екі атаулы күн толықтыруы мүмкін

24 Маусым 2023, 16:11 1205
Қазақстанда бірден екі жаңа мереке енгізу ұсынылып, авиация және ауған соғысының аяқталған күні атап өтілуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 
 
Еліміздің "Ашық НҚА" порталында Қазақстан үкіметі қаулысының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылып отыр. Жаңа мереке ретінде Азаматтық авиация күнін 1 ақпанда атап өту ұсынылған. Сондай-ақ, аталған қаулының екінші тармағында 15 ақпанда аталып өтетін Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күнін қайта белгілеуді де қамтып отыр.
 
Аталған жоба 11 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады. Егер аталған ұсыныстар мақұлданса, ақпан айында екі атаулы күн аталып өтпек. 
Асқар Таудай
Бөлісу: