Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚаржы министрлігі елдегі екі ірі құрылыс компаниясы – Bazis-A және BI Group салық алынатын кірісін жалпы сомасы 16,5 миллиард теңгеге азайтып көрсеткен деп санайды. Мемлекеттік кіріс органдары екі компанияға осы жөнінде ескерту-хат жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік кіріс органдары «Базис-А» компаниясына салық салынатын кірісті – 4,6 млрд теңгеге, BI Group-қа 11,9 млрд теңгеге кеміткені туралы хабарлама жіберді, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Ресми ақпаратқа қарағанда, мұндай тексеріс 2022–2023 жылдарға арналған арнайы салық режимдерін пайдаланған және стандартты салық жүйесі бойынша жұмыс істейтін компаниялар арасындағы өзара есеп айырысуды талдау аясында жүргізілген. Ведомствоның айтуынша, жүргізілген талдау компаниялар арнайы салық режимін салық төлемін азайту мақсатында қолданғанын көрсеткен.
Бұған қоса, департамент өкілдері камералық тексеру процедурасы салық төлеушілерге тексеруден өтпей-ақ кірістерін өз бетінше реттеуге және салықты төлеуге мүмкіндік беретінін айтты.
Жақында премьер-министр Олжас Бектенов ірі компанияларды көбірек салық төлеуге үндеген. Ол екі күн ішінде салық органдарынан ескерту-хат түсетінін, талапты орындамаған компаниялармен "қатаң сөйлесетінін" ескерткен.
Bazis-A да, BI Group компаниясы да заңнама талаптарын қатай сақтайтынын, барлық салықты төлеп келе жатқанын айтып, мемлекеттік органдардың ескертпелерін жоққа шығарды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?