Еліміздегі 5 миллион адамға банктен 10 пайыздық өтемақы беріледі

21 Қазан 2022, 20:39 6688

Сыйақыны алу үшін банкке барып өтініш беру керек

Елімізде 5 миллионнан астам салымшы банктен 10 пайыздық өтемақы ала алады. Қазір екінші деңгейлі банктер клиенттерден өтініш қабылдауды бастады. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының басшысы Әділ Өтембаев айтты, деп хабарлайды El.kz

Сыйақыны алу үшін салымшы банкке барып өтініш беруі керек. Кейбір банктер өтінішті онлайн қабылдайды. Қаражат келісімді растаған және 2021 жылдың 23 ақпанына дейін банктен теңгемен депозит ашқандарға ғана түседі. 

“Қазір алаяқтар өте көп. Айтқым келгені, өтемақыны алу үшін өтінішті берген кезде банк ешқандай дербес деректерді, банктік шотты сұрауға құқығы жоқ. Егер салымшыға қоңырау шалып: "өтініш беру үшін карта нөміріңізді айтыңыз" десе, бұл – алаяқтар. Оларға ешқандай мәлімет бермеу керек. Салымшы өтемақыны алу үшін тікелей банкке жүгінгені абзал”, – дейді  Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының басшысы Әділ Өтембаев.

Егер белгілі бір себептермен ақша шешілетін болса, онда өтемақы депозитте қалған қаражатқа қарай есептелетін болады. 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша өтелетін ең жоғарғы сома – 20 миллион теңге. 

Бөлісу: