Еліміздегі 400 мыңға жуық бизнесті жастар басқарып отыр

24 Наурыз 2023, 15:32 1150

2022 жылдың соңында Қазақстанда 30 жасқа дейінгі жастардың басшылығымен 400 мыңға жуық бизнес субъектісі жұмыс істеді. Сол жылы "Даму" Қоры көмегімен жас кәсіпкерлерге жалпы сомасы 61,3 млрд теңгені құрайтын 3 827 жобаға қолдау көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Экономикалық зерттеулер институтына сілтеме жасап.

Жас кәсіпкерлер мен іскер әйелдер арасында сауда саласы ерекше танымал (41,9%). Заңды тұлғалар мәртебесіндегі кәсіпкерлер ЖК-ге қарағанда (тиісінше 2,3% және 1,9%) құрылыспен (15,9%) және кәсіби, ғылыми және техникалық қызметпен (5,9%) айналысады.

Жас кәсіпкерлер, жалпы бизнес сияқты, Алматыда (16,7%) және Астанада (11,4%) көп. Халық тығыз қоныстанған Түркістан облысында бизнес иелерінің 10 пайыздан астамы  жасы 30-ға дейінгі жеке кәсіпкерлер. 

EL.KZ
Бөлісу: