28.01.2025
11:27
7326
Еліміздегі 20 университетте жасанды интеллект бойынша мамандар даярланады

Еліміздегі 20 университетте жасанды интеллект бойынша мамандар даярланады

Қазақстанда 20 жоғары оқу орнының базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау қолға алынды. Бұл туралы Прездиент қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұдан бөлек, Олжас Бектеновтің айтуынша, елімізде «Болашақ» бағдарламасы аясында жеке квота енгізілген. 

Айта кетейік, бұл бағытқа Қазақстан басшылығы ерекше көңіл бөліп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. Сондай-ақ  «AI-Sana» бағдарламасы енгізілді. Оның аясында биыл 100 мың студентке экономиканың түрлі саласына ЖИ енгізу бойынша қолданбалы дағдылар оқытылады. 

Astana Hub табысты стартап-жобалар дайындайтын тиімді алаңға айналды. Бүгінде онда өнімдерін әлемнің  түрлі еліне экспорттайтын 1,6 мыңға жуық IT-компания тіркелген.