Елімізде шомылуға рұқсат етілген 490 орын бар

16 Мамыр 2022, 13:06 1945

Елімізде шомылуға рұқсат етілген 490 орын бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз отырысында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлімдеді. 


–Қазақстанда азаматтар шомылу және демалу үшін пайдаланатын 50 мыңнан астам су айдыны бар. ТЖМ құтқару бөлімшелері тәулік бойы 490-нан астам құтқарушы қызмет атқаратын азаматтар пайдаланатын су айдындарының 125 учаскесін бақылайды. Ағымдағы жылы Министрліктің 45 мобильді құтқару бекеті қойылады. Бұдан басқа, әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп Министрліктің жедел-құтқару жасақтарында даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен 316 объектілік құтқару бекеттері жабдықталады, - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов.

Сондай-ақ ТЖМ азаматтарға судағы қарапайым қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауға кеңес береді.

Сабина Кәкімжан
Бөлісу: