Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны қайта көбейді

4 Тамыз 2022, 08:39 929

Бұл кешегі күнмен салыстырғанда 131 адамға көбейген.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 3 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметті таратты, деп хабарлайды  El.kz.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2792 жағдай тіркелді. Бұл кешегі күнмен салыстырғанда 131 адамға көбейген. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 360 068 жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында — 847,

Алматы қаласында — 435,

Шымкент қаласында — 41,

Ақмола облысында — 123,

Ақтөбе облысында — 70,

Алматы облысында — 57,

Жетісу облысында — 122,

Атырау облысында — 63,

Шығыс Қазақстан облысында — 36,

Абай облысында — 43,

Жамбыл облысында — 59,

Батыс Қазақстан облысында — 134,

Қарағанды облысында — 361,

Ұлытау облысында — 62,

Қостанай облысында — 87,

Қызылорда облысында — 42,

Маңғыстау облысында — 41,

Павлодар облысында — 99,

Солтүстік Қазақстан облысында — 53,

Түркістан облысында — 17.

Сондай-ақ Қазақстанда 2067 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 1 318 177 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2022 жылғы 3 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 — ші компонентін 9 558 464 адам, 2 — ші компонентін 9 337 988 адам салдырды.

Бөлісу: