Елімізде кез келген жерге қоқыс төгетіндер азаймай отыр

23 Маусым 2022, 03:59 1143

Нәтижесінде 150-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс орыны анықталды.

Рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындар тұрғындар мен мемлекеттік органдарының 60% назарын аударып отырған проблемаға айналды, деп хабарлайды EL.KZ экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда жыл басынан бері 2000-ға жуық қоқыс орыны Ғарыш Сапары космомониторингі арқылы анықталды.

Бұл түйткілмен күресу үшін ІІМ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша үшжақты іс-шаралар жоспары жұмыс істейді.

Қабылданып жатқан жоспарлы іс-қимылдар шеңберінде Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қалдықтарды заңсыз орналастыру орындарын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өтті.

Мәселен, мамыр айында республика бойынша барлығы 31 рейд өткізілді. Іс-шаралар Атырау, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында ұйымдастырылды.

Нәтижесінде 150-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс орыны анықталды.

Қабылданған шаралармен 14 факт бойынша (бұл шамамен 88 қалдық нысаны) тиісті тұлғалар ӘҚБтК-нің 344-бабы бойынша 153 мың теңге мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

20-дан астам қалдықтар сол жерде жойылды. Қоқыс тастайтын жерлерді анықтау шаралары жалғасатын болады.

EL.KZ
Бөлісу: