08.07.2022
20:12
3956
Жаңалықтар

Елімізде алдағы үш күнде жаңбыр жауады

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды El.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ауа температурасы күндіз батыста +30+38°С, оңтүстік-батыста + 30+41°с, солтүстік-батыста + 22+33°С, солтүстікте, орталықта +22+30°С, шығыста ауа температурасы + 17+25°С-тан +23+31°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +20+29°С-тан +23+32°С-қа дейін жоғарылауы болжанады, елдің оңтүстігінде ауа температурасы +27+35°С күтіледі.