Елімізде 82 мың мемлекеттік қызметші еңбек етеді

23 Маусым 2022, 10:36 2084

2014 жылдан бері 23 маусым елімізде мемлекеттік қызметші күні болып есептеледі, деп хабарлайды El.kz.

2003 жылдың наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні деп жариялаған қарар қабылдаған. Бұл тәжірибе Қазақстанға 10 жылдан кейін енгізілді. Президент Жарлығымен 2013 жылы 23 маусым Қазақстанда да Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. 2014 жылдан бастап бұл күн кәсіби мереке ретінде атап өтіле бастады.

Бүгінде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарда 82 мың адам еңбек етеді. 


Бөлісу: