14.07.2022
16:00
1954
Елімізде «Базз Лайтер» анимациялық фильмі көрсетілмейді

Елімізде «Базз Лайтер» анимациялық фильмі көрсетілмейді

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Instagram парақшасында «Pixar» студиясының анимациялық фильмі туралы жазды, деп хабарлайды El.kz

«Instagram-да ата-аналар тарапынан шетелдік «Базз Лайтер» анимациялық фильміне қатысты сұрақтар түсіп жатыр. Баршаңызға жауапты осы пост арқылы беруді жөн көрдім. «Базз Лайтер» анимациялық фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді. Шешім қабылданды», - деп жазды министр.