Елімізде жыл басынан бері 325 балабақша ашылды

12 Желтоқсан 2022, 12:01 1842

Жыл басынан бері 325 балабақша ашылды. Бұл туралы туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Білім беру саласында жыл басынан бері 34 мың орындық 325 балабақша ашылды. Демек, 3 жастан 6 жасқа дейінгі қамту 98%-ті құрады», - деді ол.

Үш ауысымды және апатты мектептерді жою үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бекітілген. «Биыл 106 мың орындық 201 мектеп ашылды.

"2026 жылға дейін 842 мың оқушы орнына арналған 400-ден астам жаңа мектеп ашылады», деді Әлихан Смайылов.

Бүгінгі таңда 410 колледж 500-ге жуық кәсіпорынға мердігерлікке берілді. 2025 жылға қарай колледж оқушыларының 100%-і тегін кәсіптік біліммен қамтылатынын атап өтті.

Миражан Махан
Бөлісу: