Елімізде жолаушыларды су көлігімен тасымалдау 78,7% өсті

14 Тамыз, 06:31 536

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, маусым мен шілде айларында ішкі су көлігімен 142,2 мың адам тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78,6% артық. Өткен жылдың маусым-шілде аралығында 79,6 мың жолаушы көліктің осы түрін пайдаланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Барлық қатынаудағы жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс 318,1 млн теңгені құраған.

Айта кетейік, ішкі су қатынасы Абай, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында бар. Ішкі су көлігіне жолаушылар кемелері мен серуен қайықтары жатады.

Ал жаздың екі айында жолаушыларды теңіз көлігімен тасымалдауда 8,4% төмендеу байқалған. Биыл маусым-шілде айларында 23,8 мың адам тасымалданды. Өл өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 26 мың адам болған.

Қазақстанда теңіз көлігі Атырау және Маңғыстау облыстарында бар.

Перизат Саденова
Бөлісу: