Елімізде жол құрылысы бойынша рекорд орнатылды

29 Шілде, 09:05 774

2024 жылдың бірінші жартысында Қазақстан жол құрылысында рекорд орнатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл жол-құрылыс жұмыстары 12 мың шақырым жолды қамтыды, бұл – республика бойынша рекордтық көрсеткіш. Оның 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы – жергілікті желілік жолдар.

Еліміздегі жалпы автожолдардың ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, оның 25 мың шақырымы республикалық жолдарға жатады.

«Қарағанды – Алматы», «Талдықорған – Өскемен», «Атырау – Астрахан» және «Ақтөбе – Қандыағаш» негізгі бағыттарын  реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы автомобиль тоннелінің, Шамалған стансасындағы автожол өтпесінің, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан көпірдің құрылысы сияқты бірнеше маңызды жобаның аяқталуы жоспарланған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: