Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда тағы бес полиция бөлімін құру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің бөлімшелері Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында құрылды.
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаментінің Мақаншы ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаментінің Жаңасемей ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай ауданының Полиция департаментінің емханасы бар госпиталь» мемлекеттік мекемесі.
Жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте ішкі істер министрлігін ұстауға және жергілікті бюджетке көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатыны анықталды.