Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЕлімізде «Terrex – Barys A 8x8» жаңа отандық көп мақсатты сауытты амфибиялық жауынгерлік дөңгелекті машинасының ресми тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа жауынгерлік көліктің тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысқан қорғаныс министрі мемлекет басшысының Қазақстан армиясын қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерімен жасақтау міндетін қойғанын атады.
Біздің әскеріміз қару-жарақ пен әскери техниканың соңғы үлгілерін алуға лайық. Бұл бүгінгі таңда Мемлекет басшысының бізге қойып отырған талабы. Армия кәсіби, мобильді және барлық жаңа қару-жарақпен қамтамасыз етілуі керек, – деді қорғаныс министрі.
Ол сондай-ақ көп ұзамай жаңа жауынгерлік машина жылдың төрт мезгілінде және әртүрлі климаттық жағдайларда өтетін әскери сынақтарға қабылданатынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Kazakhstan Paramount Engineering (KPE) және Сингапурдың ST Engineering компаниясы Қазақстанда 8×8 дөңгелекті формуласы бар жаңа көп мақсатты амфибиялық сауытты автокөлік өндіру үшін өндірістік қуат құру туралы стратегиялық келісім жасасқан болатын.
Тұсаукесер барысында жаңа авткөлік өндірісі Қазақстандағы KPE зауытында 2025 жылдан бастап жолға қойылатыны айтылды.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды