Елімізде жаңа министрлік ашылғалы екі мыңға жуық су маманы жұмыспен қамтылды

Елімізде жаңа министрлік ашылғалы екі мыңға жуық су маманы жұмыспен қамтылды

Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған кезден бері еліміздің су шаруашылығы саласында 1 805 маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

2023 жылы бассейн инспекцияларының штаты 98-ден 281 адамға дейін өскен. Сондай-ақ еліміздің 10 өңірінде коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған мекемелер құрылғаны айтылды. Бүгінгі таңда онда 1 197 маман еңбек етіп жатқан көрінеді. 

Биыл Қазсушар» РМК-ның 425 маусымдық қызметкері тұрақты жұмысқа орналастырылға. Сонымен қатар еліміздің әртүрлі өңірлерінде гидротехникалық нысандарды қалпына келтіру және салу жобаларын жүзеге асыру барысында 892 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында министрлік су саласына жаңа білікті кадрларды тарту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Сондай-ақ мамандардың еңбек жағдайын жақсарту шаралары қолға алынып жатыр. Мәселен, су саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, сонымен қатар олардың жалақысын энергетика саласындағы мамандар деңгейіне жеткізу мәселесі шешімін тапты, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.