25.06.2023
21:18
1396
Елімізде жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Елімізде жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда Азаматтық авиация күні бекітілуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ИИДМ «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жобаны ұсынды.

Аталған жобаға сәйкес Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында «Мерекелік күндердің тізбесіне жаңа атаулы күн – «1 ақпан - Қазақстан Республикасының азаматтық авиация» күні қосылады, - деп жазылған.

Құжат 11 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.