19.10.2022
16:42
2161

Елімізде жаңа мереке пайда болды

Үкімет «Кітапханашылар күні» жаңа кәсіби мерекесін бекітті, деп хабарлайды El.kz

Бұл мереке 24 қазан күні атап өтіледі. Тиісті Үкімет қаулысына еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.