Елімізде зейнетақы жинағын алу ережелері өзгермек

24 Шілде, 17:18 643

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын алу ережесі өзгереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының тиісті жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелерінен медициналық қызметтің бір түрін алып тастауды ұсынып отыр.

2024 жылғы 10 тамыздан бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін қағидалардың 1-қосымшасының 2-тармағының қолданылуын тоқтата тұруды бұйырамын: Қазақстан аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тістерді протездеу, имплантациялау), – делінген мәтінде.

Осылайша, егер жаңартылған бұйрық күшіне енсе, онда 10 тамыздан бастап қазақстандықтар аталған стоматологиялық қызметтерге жинағын жұмсай алмайды. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін өз баласын емдеуге жұмсауға рұқсат беруді ұсынды.

 

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: